Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шымкентте ипподром ашылды. Көптен күткен атшабар қолданысқа берілісімен қалада ұлттық спорттан халықаралық турнир басталды. Дүбірлі додаға 10 елден келген спортшылар қатысты. Наурыз - Шымкенттен басталады. Шымкенттің жаңа ипподромы осындай сахналық қойылыммен ашылды. Одан кейін эстрада жұлдыздары бастаған керуен көшімен әлемнің 10 елінен келген спортшылар төбе көрсетті. Олар тұсауы бүгін кесілген атшабарда жарысқа түсетін алғашқы атлеттер. МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ "Спортты дамытуға әсер беретін үлкен жаңа, заманауи ипподромның ашылуына куә болып отырмыз" Шымкентте тұңғыш рет басталған «Ұлы дала ойындары» халықаралық туриниріне 1000-ға жуық спортшы келді. Олар үш күн бойы ұлттық спорттың 9 түрінен тартысқа түспек. ДАНИЯР МЫҢБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ АТ СПОРТЫ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ "Көкпар алаңы стандартқа сай. Конкур бар және бәйгенің жолақтары бар. Ені 20 метр болса, ұзындығы 2м. Барлығы заманауи талаптармен салынған. Мамандармен ақылдасқан" 01:53 Шымкенттіктер бұл нысанның ашылуын екі жыл бойы күткен еді. Аумағы 40 гектарға жуық жерді алып жатқан ипподром бір мезгілде 1500 көрерменді жинай алады. Сыйға тартылған кешенді салуға 6 млрд.теңге жұмсалды.