Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда тауарлардың бағасы тағы өсті. Өткен жылдың соңғы айында қияр 35,6%-ке, қызанақ 14,6%-ке, тәтті бұрыш 8,4%-ке, пияз 7,9%-ке, қызылша 3,8%-ке қымбаттады. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде техниканың бағасы айтарлықтай өсті. Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай мен Жамбыл облыстарында тіркелді, әрқайсысында 1,9 процент. Бұл орташа деңгейден 0,7 процентке артық […]