Түркістан облысының тұрғыны ұлын «экс-прокурор қағып кеткенін» айтып шағымданды. Сөзінше, көлік жүргізушісі жәбірленушінің өзінен өтемақы сұраған. Онымен қоса, дәрігерлер де жасөспірімге ешқандай көмек көрсетпеді дейді ол. Көпбалалы ана тергеудің созылып, бір айдан бері сот сараптамасы шықпағанын айтады. 13 жастағы Саят Серікұлын осыдан бір ай бұрын көлік қағып кеткен. Анасының сөзінше, баланың 5 қабырғасы сынды […]