«Ұмай» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына өтініштер 10 мамырдан бастап қабылданады. Биыл бағдарламаға табысы 200 мың теңгеден аспайтын әйелдер де қатыса алады. Отбасы банкі бағдарламаны жүзеге асыруға 15,6 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бағдарлама бойынша берілетін қаржының ең жоғарғы құны 30 млн теңге. Ал пайыздық мөлшерлеме биыл 14,4%. Кейін ол 3,5%-5%-ға дейін төмендетіледі.