Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 360 АЕК көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан ардагерлер есеп шоттарына 1 242 000 теңгеден аударылады. Сондай-ақ жергілікті майдангерлерге коммуналдық қызметтер төлеміне жеңілдіктер берілген. Ардагерлерге кезектен тыс санаторлық-курорттық емделуге жолдама беріледі. […]