Түркістанда үш қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты. Жасөспірімдерге азғындық көрсеткен сотталушы 25 жылын түрмеде өткізеді. Сонымен қатар сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады. Жаға ұстатарлық жайт осыдан екі жыл бұрын Отырар ауданы, Арыс ауылында болған. Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған. […]