Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлесіп жүргізген шараларының нәтижесінде РОП операторы шотына салынған шектеулер алынды. Осылайша, мемлекет қазынасына 198 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов өзінің Twitter парақшасында жазды. Айтуынша, қомақты қаржының 100 миллиард теңгесі жеңілдетілген автонесиеге бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша өтініштерді қабылдау бүгін, мамырдың 16-сынан басталды. Жылына 4 пайыздық […]