Бүгін, тамыз айынан бастап ұялы байланыс операторлары кейбір тарифтік жоспарлардың бағасын көтереді. Қазақстандықтарға тарифтің өсетіні туралы SMS-хабарлама да жолданған болатын. Операторлар тарифтердің өсуін инфрақұрылымға жұмсалатын шығындардың ұлғаюымен, жаңа технологиялардың іске қосылуымен, жаһандық логистика тізбегінің бұзылуымен, инфляция және электр энергиясының қымбаттауымен түсіндіріп отыр. Ұялы байланыс операторлары қымбат тарифке өтемақы ретінде қосымша ресурстар мен қызметтер ұсынбақ.