Етегі жасқа толған Нұрила Тұрабаева бір аптадан бері ес жия алмай жүр. Жігерген ауылында тұратын 40 жастағы ұлының үйінде газ жарылып, бір сәтте немерелері мен перзентінен айырылды. Айтуынша, бұған дейін көмірмен жан баққан жанұя бірнеше ай бұрын ғана үйіне газ кіргізіпті. Бірақ отбасыны жылытқан иран пешінен ақау шыққан дейді. «Газды кіргізгеніне 3-4-ақ ай болды ғой. […]