Шымкент қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баланы тапты. Аталған оқиға ақпан айында күндізгі уақытта орын алған. 11 жастағы жасөспірімнің ата-анасы дабыл қағып, полиция қызметкерлердің көмегіне жүгінді. Жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция полкінің инспекторлары барлық күштерді жұмылдырып, тез арада жоғалған баланың ізіне түсті. Нәтижесінде бала аман-есен отбасына оралды. […]