Қазақстанда «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, байқауға меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының штаттық педагогтары қатыса алады. Конкурс үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық. Үміткердің педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері және конкурсқа қатысу кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы […]