Түркістан облысында ветеринария саласында жұмыс істейтін 1976 қызметкер бар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, ветеринарларды жан-жақты қолдау, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жанданды. Жұмыстар нәтижесінде тұңғыш рет өңірдің қызметте үздік әрі белсенді ветеринарлары кәсіподақ тарапынан ұсынылған 50 пайыз жеңілдікпен Сарыағаштағы шипажайға емделуге жіберіліп жатыр. «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Сарыағаш» […]