Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Екі ел басшылары кездесуде Қазақстанның өңірлері мен Саха Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін айтты. Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай […]