Кафе-мейрамханаларда ыдыс-аяқты абайсызда сындырып алған болсаңыз, айыппұл төлеуге міндетті емессіз. Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, мейрамхана, кафе әкімшілігі тарапынан айыппұл туралы ескерту қағазы – бұл заңсыз. Өйткені сынған ыдыстар бүліну болып табылады және оған мүлік иесі жауапты. Ал оның орнын толтыру тәртібі азаматтық заңнамамен анықталады. Азаматтық Кодекске сәйкес, мүлікке зиян келтіру үшін туындайтын жауаптылыққа кінәнің […]