Шымкентте «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 11 құқықбұзушылық анықталды. 2022 жылдың 5-9 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында республикалық деңгейдегі есірткінің заңды айналымы саласында құқықбұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – Шымкент қаласының аумағында «дәріханалық нашақорлық» құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік құралдарды рецептсіз босату, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекусорлардың заңсыз […]