Жер қойнауын заңсыз пайдалану жайттарын анықтап, заңсыздыққа жол бермеу мақсатында, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бақылауымен 1 айға жоспарланған арнайы іс-шара жүргізілуде. Оған ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен табиғатты қорғау тобының инспекторлары жұмылдырылды. Департамент бастығының қадағалауымен құрылған топпен атқарылған шара барысында 20 тәулікте 22 факт […]