Елордада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 37 құрылыс нысаны анықталды. Сонымен қатар, жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартады. Осы негіздер бойынша ағымдағы жылы аталған бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істер тергелуде. Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі […]