Заңсыз тасымалдаудың өршуінен өңірде жол-көлік оқиғалары көбейіп, тас жолдар жарамсыз күйге түсіп жатыр. Айыппұл төлеумен шектелген көлік жүргізушілерінің жұмысын қадағалау үшін өңірде арнайы рейд шаралары өтеді. Облыс аумағындағы заңсыз тасымалмен күрес және жол саласындағы өзекті мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды. – Заңсыз жолаушы тасымалы, жол қауіпсіздігіне қатысты шағымдар көбейді. […]