Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары Б. Момышұлы даңғылындағы кофе-бар нысанының заңсыз екенін анықтады. Тиісті хаттама толтырып, сотқа жолдады. Сот алқасының қаулысы негізінде жеке кәсіпкер ӘКБтК-нің 319-бабы бойынша кінәлі деп танылды және жер теліміндегі заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу бойынша шешім шығарылды. Қазіргі таңда кәсіпкер өз еркімен заңсыз құрылысты бұзып алатындығы туралы мәлімдеді. […]