1992 жылдың көктемінде біздің Оңтүстік Қазақстан облысына Д.А. Қонаев келді. Мен ол кезде облыс әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары едім. Облыс басшысы Марс Фазылұлы Үркімбаев болатын. Облыс әкімі деген лауазым 1994 жылы бекітілді. Біздерді 16 облыстың басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жинап, кеудемізге «Облыс әкімі» деген төсбелгі тақты. Д.А.Қонаев сапарының түпкі мақсаты Ташкент қаласында бұрынғы Өзбекстан […]