Зейнетақы қорындағы жинақ «Бәйтерек» холдингінің облигацияларына құйылмақ. Ұлттық банктің хабарлауынша инвестиция көлемі 500 миллиард теңге. Қордан Бәйтерекке құйылатын бұл қаржыға машинажасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы ірі жобаларды несиелеу көзделген. Кейін холдинг қаржыны қорға артығымен қайтаруы тиіс. Осы арқылы қартайған шағына ақша жинаған салымшылардың инвестициялық табысы да арта түспек.