Күзетші мен турникеттің орнына қауіп-қатерге қарсы әрекет ету дағдыларын үйрететін пән енгізілу ұсынылды. Бұл ұсынысқа қазақстандық мектептердегі ата-аналар одағы бастама жасады. Барлық ТЖ-дан кейін оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп отыр. Кейбір ата-аналар балалар өздерін қорғай алуы тиіс деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.