Ақбота-Нұр Сейітмағамбет пен Жігер Ауыпбаев басты рөлді сомдаған телехикая бірер күн бұрын көрерменге жол тартты. Картинада Ақбота тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 35 жастағы аянышты әйелдің рөлін сомдаса, әнші Жігерге қызқұмар, екіжүзді ердің рөлі бұйырған. "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында қос актер түсірілім кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.