Атышулы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға жақында ғана кәсіпкер достары қымбат көлік сыйлады. Жұрт назарына ерекше сұхбаттарымен іліккен журналистің бұған дейінгі өмірі туралы көпшілік біле бермейді. Stan.kz тілшісіне балалық шағы мен студент кезінде “Алтын Орда” базарында арба итергені, саудагерлердің тауарларын тасығаны туралы айтты. Басынан кешірген қиын тұрмысы мен әр сұхбатынан кейін жоғары жақтан түсетін қоңыраулар жайында жасырмай, бүкпесіз сұхбат берді.