Әнші Әміре өмірінің көп бөлігін шығармашылыққа арнағанын, жеке өмірі туралы ойлауға уақыты болмағанын мәлімдеді. Алайда 27 жасқа келген өнер иесі енді отбасын құруды ойлап жүр. Тек үйленетін қызы жоқ. Бұл туралы Әміре "Қызық LIVE" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.