Әйгілі "Сабинка келін" кинокомедиясының соңғы бөлімі көрерменге 24-ақпан күні жол тартпақ. Фильм продюсері Нұртас Адамбай бұл бөлімде Сабинаның халықпен қоштасатынын хабарлады. Дінге бет бұрып, соңғы уақытта оқырмандарымен шариғат туралы сөйлесіп жүрген Нұртасқа жанашыр жандар "әйел бейнесін сомдау ислам заңдарына қайшы келетінін" ескерткен. Кинопродюсер бұған жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.