Жұлдыз Өмірғали Айқынға тұрмысқа шыққан кезде туыстарының қалай қабылдағанын айтып берді. Сөзіне қарағанда, өзін тәрбиелеп өсірген атасы қатты ренжіген. Алайда перзентінің бақыты үшін ақырында келіскен. Ал Айқынның ата-анасы жаңа келінді бірден қабылдамапты. Бұл туралы Өмірғали "Жұлдыздың жары" бағдарламасында айтты.