Дариға Бадықова "Келінжан" сериалында сомдауға қиын түскен сахна жайлы әңгімеледі. Ол Айсараның образын ашу үшін үлкен кісіге қол көтеруге мәжбүр болғанын айтып, елден Айсараны жек көрмеуді өтінді. Сөзінше, бұл сахнаны алып шығу өзіне де оңай соқпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.