Желіде хитке айналған "Коронавирус, кет" әнінің қалай шыққаны белгілі болды. Әнші Зарина Омарованың айтуынша, әкесі Марат Омаров мұны ән деп қабылдамаған. Тіпті, елге таратамын деп ойламапты. Ал әннің көпшілікке таралып кетуіне сазгердің көмекшісі себеп болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.