Кездесуді "Менің арманым" корпоративтік қоры ұйымдастырған. Қор өкілі Шолпан Арнауттың айтуынша, олардың басты мақсаты - ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындау. 1,5 жылдан бері жұмыс істеп келетін қор Дубайда 100-ші баланың қалауын орындады. Әсерлі сәттің видеосын Димаш Құдайберген желідегі парақшасында жариялады.