Елордада «Nur Otan» партиясының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. Екі күнге созылатын аламан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр.