Халықтың көзайымына айналған "Келінжан" телехикаясының төртінші маусымы көрерменге жол тартты. Осы ретте жобаның бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова мен сериалда Күлімхан апаның рөлін сомдаған актриса Лейло Бекназар телехикая, ене мен келін тақырыбы аясында сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасының "Айнаline" жобасына сілтеме жасап хабарлайды.