Жахан Отарғалиев 2009-2010 жылдары телефон жөндеп, қосымша алып-сатумен айналысқан. Алайда анасының бір ауыз сөзінен кейін ай сайын миллион теңге әкеліп тұрған кәсібін тастап, өнерге қайта оралған. Бұл туралы Отарғалиев "Шучу" подкастында айтты. Сұхбат Ернар Сакуповтың арнасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.