Жарқынай Ханайымның күйеуімен айырылысуына "Рауза" телехикаясындағы сүйісу сахнасы себеп болған. Қазіргі "Кешью" құрамындағы Наргиз Алтайбайдан жары Айдар Асқарбекті қызғанған Жарқынай желіге өкпесін жариялап, кейін өшіріп тастады. Ал қазір екеуінің қарым-қатынасы қандай? Бұл туралы актриса НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.