Ақжол Мейірбеков өзге ұлттан қыз алған танымалдардың қатарында. Әншінің жары Шарипа ханым - өзбектің қызы. Екеуі танысып сөз байласқан соң, біраз қиындыққа тап болған. Мейірбековтің айтуынша, қайын жұрты қызды қазаққа беруге қарсы болған. Елдің қарсылығына қарамастан, әнші сүйген қызын алып қашқан. Бұл туралы Мейірбеков Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.