Димаш Құдайбергеннің Алматыда 23 қыркүйек күні өтетін концертіне билет қалмаған. Себебі 80 пайызы екі ай бұрын сатылып кетсе, соның төрттен бірін шетелдіктер алған. Бұған қоса меймандардың көптігінен алып шаһардағы қонақ үйлерде бос орын қалмапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасына сілтеме жасап.