"Аузын ашса, ақша сұрайды". Сәкен Майғазиев әншілерге көңілі толмай жүрген оқырманының хатын жариялады. Автор сахна жұлдыздары фонограммамен ән айтқанына қыруар қаржы алатынын, әншілердің қоғамға еш қажеті жоқ екенін жазған. Әдетте мұндайды елемейтін Майғазиев бұл жолы өзін "қарғаған" әйелге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.