Жақында алғаш рет әке атанған Тимур Балымбетов серіктесе босану туралы арнайы видео түсіріп, көпшілікті мазалайтын сұрақтарға жауап берді. Телепродюсер әрі жүргізуші әсіресе, ерлердің санасына сіңіп қалған қорқыныштарды сейілтіп, мұндай маңызды сәтте әйелдің жанында болудың маңыздылығы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.