Жеке өмірі жұрттың талқысында жүретін тағы бір әнші - Ерке Есмахан. Желідегі фолловерлері әншінің жүріс-тұрысын, кіммен билеп, кіммен қыдырғанын жіті қарап отырады. Өнердегі әріптестерімен жиі жұптастырады. Алайда бірінші некесі сәтсіз аяқталған Есмахан екінші рет тұрмыс құруға асықпайды. Ол жеке өміріне қатысты сауал қойғандарға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.