Әнге балағат сөздерін қосып, хайп қуып, арзан атақ үшін ойына келгенді жасап жүргендер Саят Медеуовке жақпай қалған еді. Өнер иесі биліктен желіге жөнсіз дүние жүктейтіндерді жүгендейтін заң керек деген өтінішін айтты. Ал Дастан Оразбеков мұның мүмкін еместігін алға тартты. Оның сөзінше, оған қарсы шығу үшін ғаламтор желісін толығымен алып тастау керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.