Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған шөбересі Бекмұрат Жамбылов дәріге ақша таппай, күнелтіп жүр. Қант диабетіне шалдыққан асылдың сынығы бір аяғы мен бір өкпесінен айырылған. Емделу барысында химиялық дәрілер қабылдап, көзі де көрмей қалыпты. Сол аралықта жұбайы да тастап кеткен. Бүгінде баспанасыз қалған Бекмұрат Жамбылов ағасының үйін уақытша паналап отыр. Ал мемлекеттен алатын 52 мың теңге жәрдемақы пәтерақы мен күнделікті наннан артылмайды, дейді. Бекмұрат Жамбыловпен журналист Нұрсейіт Жылқышыбай кездесіп сұхбаттасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.