Жарқынай Ханайым "Рауза" телехикаясының екінші маусымына шақырту түскенде бас тартқысы келген. Айтуынша, ол шақта күйеуі Айдар екеуінің арасына онсыз да сызат түскен. Қарым-қатынастағы шикіліктің өзгелерге таралуын қаламағандықтан, киноға түскісі келмеген. Алайда продюсерлері ренжігендіктен, ақыры келіскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hit-Tv арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.