Жанар Айжанова жалғыз қызы Айжұлдыз бен бұрынғы күйеу баласының ажырасуына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Қазіргі таңда немересін бағып отырған Айжанова "баланы әкесінен айырмаңызшы" деп өтініш айтқан оқырмандарына ашуланды. Айтуынша, бала мен әке арасының алшақтауына ол да, қызы Айжұлдыз да кінәлі емес. Айжанова бұрынғы күйеу баласы мен құдағиын айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.