Әнші видеода «Тойға шашу шашпаса болмайды», — деп бір бума қағаз ақшаны мейрамхана ортасына шашады. Ал той қонақтары шашуды жарыса жинады. Видеоға сүйенсек, Юлдашев ақша шашқан той Қызылорда қаласында өткен. Видеода асаба манты пісіретін ыдысты әншіге ұстатып, «Қасқанды Атхамбек ағама бере берейін бе, Қызылорда?», — деп айқайлайды.