Оқырмандарының бірі әншінің жекесіне жағымсыз хат жазған. Өз жазбасында ол кезінде Тамара Асардың арбада отырып, демеуші іздегенін, ал бүгінде халыққа танымал әнші болғандықтан, қарапайым адамдарды менсінбей кеткенін меңзеп жазған. Оқырманның жазықсыз жаласы, ауыр сөздері Тамара Асардың жанына батса керек, әнші көзіне жас алып қалғанын жеткізді.