Қызрғызстандық музыкант Викрам Рузахунов Алматыдағы оқиғалардан кейін қалай азапталғаны жөнінде алғаш рет айтып берді. Викрамның сөзінше, ол музыкадан бөлек ІТ саласында кәсіппен де шұғылданады. Алматыға бірнеше серіктесімен болашақ жобаларды талқылау үшін келген. Алайда 4 қаңтарда митинг басталып, достарының кеңесімен 6 қаңтарға дейін ешқайда шықпаған. Жағдай ушыққан соң еліне қайтпақ болған Рузахунов 7 қаңтарда бекетте полицейлердің қолына түсіп, азапталғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media басылымына сілтеме жасап.