Қазақ КСР Халық артисі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов биыл 85 жасқа толды. Бір ғасырға жақындаған ғұмырында абыз актердің көрген қуанышы мен қиыншылығы көп болды. 1993 жылы жұбайынан, ал 1999 жылы қос ұлынан айырылды. Әшімов бұл қиындықты қалай өткергенін әңгімеледі. "Жаның бөлек болған соң, тірі болып тіршілік жасауға тура келеді екен" деп көзіне жас алды абыз актер. Ол қос ұлының өліміне неге өзін кінәлады? Ұлдарының соңғы демі шыққанда не сезінді? Бұл туралы Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына ағынан жарылып сұхбат берді.