19 жасында алып қашып, 21 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомблық көрген 7 баланың анасы Stan.kz тілшісіне мұңын шақты. Кейіпкеріміз 7 баласымен Шымкенттің Қазығұрт ауданынан Алматыға келуге мәжбүр болған. Осынша жыл бойы қысым көріп, үй қамағынан шықпаған ана өз басынан өткендерін өксікпен еске алды.