13 шілдеде елордадағы "Шерқала" тұрғын үй кешенінде 17 жастағы Есдәулет Дәуітбеков жетінші қабаттың терезесіне мініп кеткен баланы аман алып қалды. Осы ерлігі үшін Есдәулетке пәтер мен жоғарғы оқу орнына грант берілген болатын. Алайда кейбір тұрғындар оның шынымен баланы құтқарғанына күдіктеніп, жай қолдан қойылған қойылым деп есептеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі informburo.kz порталына сілтеме жасап.