Алматы тұрғыны Айсұлу Дайрабаева өзінің 2 және 1 жастағы балаларын әкесі бермей отырғанын айтады. Сөзінше, Қостанай облысында тұратын азамат әйелді алдап шақырып алып, одан балаларын күшпен тартып алған. Артынан әйелді үйінен қуып шығады. Тіпті, бүлдіршіндерді анасына көрсетпей отыр екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.